🌱 Балаларға мейірім мен білім

Нұр Шапағат бөбекжай балабақшасына қош келдіңіздер!

Ұлттық құндылықтар, қауіпсіз орта және заманауи білім беру тәсілдері арқылы әр баланың қабілетін ашуға бағытталған ресми сайт.

Нұр Шапағат бөбекжай балабақшасы
Біз туралы

Баланың жан-жақты дамуына арналған жылы орта

Балабақшаның миссиясы

«Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерін, ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты дамыған ұрпақты тәрбиелеу»

Мақсаты

Әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін жүзеге асыру.

Міндеттері

  1. Балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жайлы және қауіпсіз білім беру жағдайларын жасау.
  2. Балалардың физикалық дамуы, коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын дамыту, зерттеушілік қабілеттерін дамыту және инновациялық әдістерді қолдану.
  3. Балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, отаншылдыққа және мәдени-әлеуметтік нормаларға баулу.
Фото әлемі

Балабақша өмірінен сәттер

Даму бағыты

Миссияны жүзеге асыру кезеңдері

1-кезең

Танысу-зерттеу кезеңі

Бағыты: Балалар мен ата-аналар қауымдастығының ықпалдастығын нығайту.

Мақсаты: «Әжелер мектебі», «Әкелер мектебі», «Жас аналар мектебі» жұмыстарын ұйымдастыру үшін жағдай жасау.

Міндеттері: Балаларды қазақ халқының тұрмыстық заттарымен және салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы ұлттық құндылықтарға баулу.

2-кезең

Практикалық-тәжірибелік кезеңі

Бағыты: Балаларды тәрбиелеу мен оқытуда инновациялық технологияларды, әдістер мен тәсілдерді қолдану.

Мақсаты: Білім берудің жаңа құралдарын ұйымдастырылған іс-әрекетте қолдану.

Міндеттері: Үлгілік бағдарлама мазмұнын және ұлттық, отбасылық, патриоттық құндылықтарды іс-шара арқылы меңгерту.

3-кезең

Бақылау-қорытындылау кезеңі

Бағыты: Балалар әрекетін ұйымдастыру үшін жайлы дамытушы заттық-кеңістіктік орта құру.

Мақсаты: Балаларды қазақ халқының тұрмыстық заттарымен және салт-дәстүрлерімен таныстыру үшін орта құру.

Міндеттері: Ұлттық тұрмыстық заттармен, аспаптармен, киімдермен жабдықтау және ұлттық ойындар арқылы рухты тұлға тәрбиелеу.

Жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Байланыс

Мекенжай және байланыс деректері

📍 МекенжайСауран ауданы 30 жылдық елдімекені, Қазыбек би 6
☎ Телефон+7 778 358 4998